НАИМЕНОВАНИЕ УЧРЕЖДЕНИЯ
«№49 «Ақниет» бөбекжайы» МКҚК
БИН 140140016891
Город Уральск
ОСНОВНАЯ ИНФОРМАЦИЯ
«№49 «Ақниет» бөбекжайы» МКҚК
БИН 140140016891
Город Уральск
Тип Ясли-сад
Языки воспитания
Казакский язык
Проектная мощность 360
Лимит детей по госзаказу 370
Режим работы
Бес күндік жұмыс аптасы, 08:00-ден 18:00 дейін
Дежурная группа
07:30-ден 08:00-ге дейін, 18:00-ден 19:00-ге дейін (тегін)
Дополнительное оснащение
Кеңес пункті;
Телефон +7 (7112) 30-53-65; yaslisad49@mail.ru
WEB-Сайт (E-mail) Instagram: @akniet_49
Адрес город Уральск, улица Шевченко,28
ИНФОРМАЦИЯ О ГРУППАХ
Наименование: «Бәйтерек», «Құлыншақ», «Тәй-тәй», «Ақбота», «Бөбек» , «Айналайын», «Еркетай», «Балапан», «Сұңқар», «Қызғалдақ», «Алақай», «Балдырған», «Ақ көгершін», «Күншуақ», «Шағала», «Тұлпар».
Возрастная категория
3-тен-4 жасқа дейінгі топ
4-тен- 5 жасқа дейінгі топ
5-тен – 6 жасқа дейінгі топ
Язык воспитания- Казакский язык
ИНФОРМАЦИЯ ОБ УЧЕБНЫХ ПРОГРАММАХ
Наименование программы обучения
ортаңғы топ, ересек топ, мектеп алды даярлық тобы
Описание программы обучения
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» ҚР БжҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығы
Құрметті ата-аналар!
№49 «Ақниет» бөбекжайы 19.07.2014 жылы ашылды.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты. Бөбекжайдің ел болашағы мақсатындағы маңыздылығы айқын. Әсіресе, қазіргідей күн сайын қарыштап дамыған қоғамда бүлдіршін шақтан заман ағымына ілесе алатындай қабілетті жеке тұлға болып қалыптасуға бөбектердің бөбекжайға бейімделетіні анық. Жақсы өмір сүруге талпыныс, ортаға икемділік, салауатты өмір салтына дағдылану, міне, мұның барлығын бала мектепке дейінгі білім ұйымдарының қабырғасында жүріп үйренуі тиіс.
Бөбекжай директоры Убишева Айжан Султановнаның басшылығымен педагогикалық ұжым мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына, жеке тұлға ретінде қалыптасуына барлық жағдайлар жасауда.
Тәрбиелеу мен оқыту жұмысы білім мазмұнын жаңартудың 5 білім беру салалары «Денсаулық», «Әлеумет», «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық» бойынша ұйымдастырылады.
2018-2019 оқу жылынан бастап «Ертегілер елінде» атты театрландырылған қалалық зертхана жұмыс жасауда.
Балабақшаның материалдық базасы заманауи талаптарға сай жасалынған. Ойын, демалыс, көркем сурет, ағылшын бөлмелері, асхана, дәрігерлік қызмет түрлері толық жабдықталып қамтылған. Айжан Султановна басқарған ұжым жауапкершілікпен атқарған жұмысының арқасында мектепке дейінгі білім беру саласында елеулі үлес қосуда.
Баршаңызды Жаңа оқу жылымен құттықтаймыз!!! ҚР Білім және ғылым министрлігі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтердің, білім беру ұйымдарының өзге қызметкерлерінің өмірін және денсаулығын сақтау, короновирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында жаңа оқу жылын кезекшілік топпен қатар қашықтықтан оқыту формасында жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Осыған орай ата- анаға үй жағдайында баласымен қандай ойындар ұйымдастыруға болатынына кеңестер және бейне сабақтар ұсынып отырмыз. Біздің сайтымыз қажетті материалдармен толықтырылып отырылады. Сіздер үшін пайдалы кеңестер бере алсақ қуаныштымыз.